ҚМДБ Діни сараптама бөлімі 2024 жылы 243 кітапқа сараптама жасады. Бұл туралы бөлім меңгерушісі Нұрлан Қайырбеков хабарлады.
«2024 жылы сараптама нәтижесінде 211 кітапқа оң қорытынды берілді. 12 кітапқа теріс қорытынды берілсе, 73 кітап түзетілуге қайтарылып, 20 туынды діни емес кітап болып танылды. Мысыр, Түркия, Иран, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, Сауд Арабиясы сынды мемлекеттерден әкелінген 1037 кітап бойынша 19 өтініш қабылданып, комиссия сараптауынан өтті. Қазақстан аумағында мүфтиятқа қарасты мешіт жанындағы 109 діни дүкендерге сараптама жасалып, 2000-ға жуық діни әдебиет тексерілді. Нәтижесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы сараптау комиссиясынан өтпеген 32 кітап сөрелерден алынып тасталды» деді Нұрлан Евфратұлы.