11
Сейсенбі,
Ақпан

һижри

Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға насихат айтты (фото)

Наурызбай қажы Тағанұлы жастарға насихат айтты (фото)

Жаңалықтар
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласынан жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ студенттеріне насихат айтты.

«Жастар – тәуелсіз еліміздің тірегі» тақырыбында өткен рухани-танымдық семинарда Бас мүфти студенттерге жастық шақтың қадірі, білім алудың маңызы жөнінде ақыл-кеңесін жеткізді.

«Жастық шақ – ең үлкен нығмет. Бұл кезең – адамның білім алып, өзін дамытуға, бойдағы күш-қуатты игі істерге жұмсауға ең қолайлы уақыт. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір өсиетінде «қиямет күні пенденің аяқтары төрт нәрседен сұралмайынша, орнынан қозғалмайтынын, соның бірі өмірін қалай өткізгені және жастық шағын қалай өткізгені жөнінде есеп бермей қозғалмайтынын» айтқан.  Демек, адам өмірінде жастық шақтың маңызы өте ерекше. Адамның жастық шағы жаздыгүні бейне бір күннің көтерілген сәті секілді. Сәске уақытында күннің жер бетіне шапағы толықтай тарап, әрі ыстығы қатты болатыны сияқты, адам да жас кезінде күш-қуаты тасып, сәл қарекет қылса, берекетін көріп тұрады» деді ҚМДБ Төрағасы.

Өз кезегінде студент жастар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Семинар соңында Бас мүфти білім ордасы ұжымына «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптарды сыйға тартып, студент жастарға батасын берді.

Бөлісу: