Меню

20
Бейсенбі,
Наурыз
20
Рамазан
1446 һижри

Алғашқы он күнде 1012 мешітте жамағатпен Құран оқылды

Алғашқы он күнде 1012 мешітте жамағатпен Құран оқылды

Жаңалықтар
Жарнама

Бұл туралы бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұл хабарлады.

«Діни оқу-ағарту бағыты бойынша Рамазан айының алғашқы он күндігінде «Хатым Құран» жобасымен күнде бесін (немесе екінті) намазынан кейін 1012 мешітте жамағатпен 1 пара Құран оқылып, 627 391 адам қатысты және әлеуметтік желілерден тікелей эфир жүргізілді. «1 күнде 1 хатым» жобасы аясында Құран оқитын 421 топ құрылып, жалпы саны 2095 хатым оқылды. ҚМДБ-ға қарасты медресе-колледждердің 170 ұстазы мен 2472 студенті күніне 1 пара Құран оқып, хатым жасауда. Сондай-ақ еліміздің 769 мешітінде 996 қари күнделікті тарауық намазында Құран Кәрімді хатым етуде. Оның ішінде 43 қари – шетелдік.

Оқу-ағарту жұмсысы бойынша «Намаз оқып үйренейік» айдарымен 711 мешітте дәрістер жүргізіліп, 2483 адам қамтылды. «Бір айда бір кітап» жобасы аясында Рамазан айы ішінде Құран Кәрімнің қазақша мағыналық аудармасын оқу акциясымен 2470 адам оқуды бастап, оның 237-сі толық оқып шықты. Тазалық, намаз, ораза және зекет мәселелерін жамағатқа жан-жақты түсіндіру мақсатында «Пәтуа сағаты» 499 мешітте ұйымдастырылып, 12 809 сұраққа жауап берілді» дейді Хасан Ташайұлы.