«Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімі кезекті игі шараға атсалысып, ауызашар ұйымдастырды.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Аузы берік жанды ауызашарға шақырып тамақ берген кісі – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да ешнәрсе кемімейді», – деген өсиеті бар. Осы өсиетке амал еткен мешіттің «Жастар ісі» бөлімі мешіт ұжымына және мешіт жанындағы Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының шәкірттеріне ауызашар дастарханын жайды.
Айта кетейік, «Әл-Фараби» мешітінің «Жастар ісі» бөлімі бұған дейін де бірнеше қайырымды, игі істерді жасауға атсалысып келеді.
ummet.kz