Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астанадағы Республикалық бас мешітте өткен ауызашар рухани кешінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы мүфтиятқа қарасты діни оқу орындарына қаржылай сертификат табыстады.
Атап айтқанда, «Хусамуддин ас-Сығанақи» Ислам институтының директоры Бағдат Манабаев пен «Астана» медресе-колледжінің Бақтыбай Бейсенбаевқа дін жанашырлары, демеушілердің көмегімен қаржылай сертификат берілді.
Айта кетейік, биыл Хусамуддин ас-Сығанақи атындағы Ислам институтын Шариғи ілімдер бойынша алғашқы түлектері оқуын аяқтайды, ал «Астана» медресе-колледжінде бүгінгі таңда 174 шәкірт білім алуда.