Бокстан әлемнің экс-чемпионы Мұхаммед Әли тыныс жолы сырқатымен ауруханаға түсті. Бұл жайында спортшы отбасының өкілі Боб Ганнел хабарлады.
Ауызашар әрбір жанға жеткізіледі
Біріккен араб әмірлігінде қасиетті Рамазан айы қарсаңында 400 ерікті адам арнайы топ құрып, қала көшелерінде кептелісте іркілген жолаушыларға аузыашар таратуға бел байлады.
Өзгенің вай-файын ұрлау – халал емес
Бұған дейінгі ақпараттарымызда Біріккен араб әмірлігі Дубай Ислам істері мен қайырымдылық қызметі департаментінің (IACAD) сымсыз интернет желісін иесінің рұқсатынсыз қолдануға тыйым салу туралы пәтуа шығарғанын жариялаған едік.
Өзбекстан өз желісін іске қосты
Ташкент өзінің жаңа әлеуметтік Davra желісінің тұсаукесерін жасады. Мағынасы «Қоршаған орта, айнала» деген мағынаны береді. Бұл туралы жергілікті БАҚ беттерінде кеше жарияланды.
Қағба алты аймаққа бөлінеді
Мекке қаласындағы әл-Харам мешітінің территориясы алты аймаққа бөлінеді. Бұл Рамазан айында қажылар қозғалысын бақылау мен мұсылмандардың қасиетті орындарын аралау кезіндегі қауіпсіздігін сақтау мақсатында жасалып отыр.
Босния және Герцеговина мешіті қалпына келтірілді
Босния және Герцеговина қаласындағы Баня-Луки орталық мешіті тоғыз жылға жалғасқан жөндеу жұмыстарынан кейін мұсылмандарға есігін қайта ашты.
Қырғызстанда діни колледж ашылады
Жуық уақытта Қырғызстанда білікті діни кадрлар дайындайтын теологиялық колледж ашылады. Бұл жайында Дін істері жөніндегі мемлекеттік комиссия басшысы Орозбек Молдалиев мәлімдеді.
Ердоған бала санын көбейтуді ұсынды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мұсылман қоғамындағы отбасын жоспарлау тақырыбында пікір білдірді, деп хабарлайды Huffington Post.
Неміс протестанты ислам дінін оқытуды ұсынды
Ислам негіздерін Германияның барлық мемлекеттік мектептерінде оқыту керек, деп мәлімдеді Евангелистік шіркеу кеңесінің төрағасы Генрих Бедфорд-Шторм.
Иран спортшысы шыңға өрмелеуден чемпион атанды
Иран спортшысы Фарназ Эсмаильзаде әлем бойынша шыңға өрмелеуден чемпион атанды.
Мешіттер өзге дін өкілдеріне есік ашты
Джидда қаласында төрт бірдей мешіт есіктері өзге дін өкілдеріне ашылды. Акция ислам әлемі мен өркениетімен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды, деп жазады Al Bawaba.