19
Жұма,
Сәуір

һижри

Араб елдері тұрғындарының бірі YouTube қолданушыларымен жай су мен Сауд Арабиясындағы зәм-зәм суын ажырату тәсілдерімен бөлісті, деп хабарлайды IslamNews.

Шешенстанда «Құран эстафетасы» шарасы аясында қоғамға белгілі тұлғалар арасында қасиетті Құран сүрелерін толықтай не аяттарын оқу үрдісі басталып кетті.

Германияда ислам азық-түлік, тауар өнімдері сауда лашықтары мен мейманханалары иелері қасиетті Рамазан айында салық төлеуден босатылды, деп хабарлайды Daily Times басылымы.

39 жасар мароккалық азамат мұсылмандар арасындағы байланысты түбегейлі өзгертетін Mynbar мобильді қосымшасын ойлап тапты.

Рамазан айының алғашқы аптасында Біріккен араб әмірлігінде Шарджа полициясы қала көшелерінде қайыршылықпен айналысқан 21 адамды тұтқындады.

Малайзияда қасиетті Рамазан айының құрметіне толықтай Құран Кәрімге арналған тематикалық радиостанса іске қосылды. Жоба жетекшілерінің басты мақсаты – халықтың, әсіресе жастардың қасиетті Құранға деген махаббатын ояту.

Рамазан айында Сауд Арабиясында жекелеген үй асханаларының ауызашар астарына сұраныс көлемі арта түсуде. Дәл осы асханаларға көптеген отбасылар тапсырыс береді екен. Себебі, аталмыш үй асханалары ірі қоғамдық тамақтану орындары мен мейманханаларға қарағанда әлдеқайда дәмді де сапалы дайындайды.

Шешенстан астанасы Грозный қаласында Мұхаммед Әли даңғылы ашылды. Даңғыл атауын өзгерту туралы шешімді республика президенті міндетін атқарушы Рамзан Қадыров қабылдаған.