19
Жұма,
Сәуір

һижри

Мұсылман басшы Нобель сыйлығының иегері атанды

Мұсылман басшы Нобель сыйлығының иегері атанды

Жаһан
Жарнама

14 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Норвегиялық нобель комитеті Нобель Бейбітшілік сыйлығын  халықаралық ынтымақтастыққа әсіресе көрші Эритреямен шекара қақтығыстарын шешкені үшін Эфиопия премьер-министрі Абий Ахмед Алиге беру жайында шешім қабылдады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Лауреат атанған Абий Ахмед Али Эфиопияның премьер-министрі лауазымына 2018 жылдың сәуір айында тағайындалды және бірден көрші елмен келіссөздерге көшті. Бірнеше айдан кейін  бейбітшілік жайында декларацияға қол қойып, дереу сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты реттеуге көшті. Сондай-ақ, телефон мен авиахабарламаны қайта жандандырды. Теңізге шығу жолы жоқ Эфиопия осы келіссөздер арқасында Эритрея порттарын қолдану мүмкіндігіне қол жеткізді. Келіссөздердің  делдалы болып халықаралық «үштік» АҚШ, Ұлыбритания және Норвегия қатысты.

Бұл екі африкалық ел арасындағы қақтығыс ондаған жылға созылған еді.  1947 жылы Эритрея мемлекеті Эфиопия федерациясының  құрамына автономия ретінде кіреді. Бірақ кейін федерация тарқаған соң Эритрея тәуелсіздік үшін соғыса бастайды. Тек 90-жылдардың басында ғана жеке мемлекет ретінде қалыптасқан ол ООН құрамына енеді. Дегенмен екі ел арасындағы әскери шиеленістер тоқтаған емес. Ал 1998 жылы жағдай ушығып, 70 000 адамның қазасына әкелген үлкен қақтығыс болады.

Осындай қанды қақтығыстардың тоқтауына себеп болған Абий Ахмед Алиге Нобель сыйлығы ретінде ақшалай 9 миллион швед кроны тапсырылады, бұл шамамен 900 АҚШ доллары. Рейтер агенттігінің  хабарлауынша марапаттау рәсімі 10-желтоқсан күні Осло қаласында өтеді.

Бөлісу: