19
Жұма,
Сәуір

һижри

Алғаш рет туристік визаға рұқсат берілді

Алғаш рет туристік визаға рұқсат берілді

Жаһан
Жарнама

15 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Туристік визаны 80 доллар төлеп, онлайн түрде 49 мемлекеттің тұрғыны ала алады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Сауд Арабиясы алғаш рет шетелдіктерге туристік визамен кіруге рұқсат берді. Рұқсаты бар елдердің тізімі әлі жарияланған жоқ дейді ақпаратты тартушы Reuters агенттігі.

Дегенмен қасиетті Мекке мен Мәдина қалаларына кіруге тыйым бұрынғыша қатаң түрде сақталады. Ол үшін арнайы қажылық визасымен келу керек.

Шетелдіктерге сонымен бірге ішімдік ішуге тыйым қойылуы мүмкін. Бірақ әйел туристер ер адамның қарамағында жүру және дәстүрлі араб киімін кию сияқты ережелерден босатылады.

Бұған дейін Сауд Арабиясына тек транзиттік визамен 3 күнге ғана келуге болатын. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Эр-Рияд концерттер мен спорттық шараларға электрондық визалар беріп бастаған еді.

Айта кетейік, Сауд Арабиясында мұрагер ханзада Мұхаммед бин Салман ұсынған реформалар енгізілуде. Биліктің ойынша жаңа реформалар мұнайға тәуелді экономиканың жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.

Бөлісу: