12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

150 мың АҚШ долларына ежелгі жәдігерді сатпақ болған

150 мың АҚШ долларына ежелгі жәдігерді сатпақ болған

Жаһан
Жарнама

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің өкілдері XVI ғасырда жазылған Құранды 150 мың долларға көрші Қырғызстан еліне заңсыз сату әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

«Өзбекстанның Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ферғана облысы бөлімінің қызметкерлері қасиетті Құран кітабының ерекше үлгісін Қырғызстан азаматына 150 мың АҚШ долларына сатылып жатқан жерінен тоқтатты», - деп жариялады «Өзбекстан 24» телеарнасы.

Оперативті шаралардың арқасында Бұхара қаласының тұрғыны мен оның танысы қолдарына келісілген қаражатты алған соң заңсыз түрде кітапты Қырғызстанға жеткізбек болғаны анықталған.

Өзбекстан Мәдениет министрлігінің экспертизасы Құран бетіндегі мәтіннің XVI ғасырда жазылғанын және XIX ғасырдың соңы – XX ғасырдың басы шамасында қайта жөндеуден өткенін мәлімдеді. Мәтін самарқандтық каллиграфия мектебінің стилінде алтын қоспамен жазылған. Жәдігердің құны 1,88 миллиард сом (шамамен 200 мың доллар).

Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізілуде. Ал құнды тарихи жәдігер Мемлекеттік тарих мұражайына тапсырылған.

Өзбекстан заңы бойынша сирек кездесетін қолжазбалар мен тарихи көне кітаптар мәдени құндылықтар санатына жатады. 50 жылдан асқан мұндай еңбектерді экспорттауға тыйым салынған.

167544 innerresized600 600 111

ввв 100 715x400

Бөлісу: