20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Алғашқы «Жасанды интеллект» университеті ашылады

Алғашқы «Жасанды интеллект» университеті ашылады

Жаһан
Жарнама

18 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 2020 жылдың тамыз айында «Жасанды интеллект» мамандығы бойынша білім беретін университет ашылады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Абу Даби қаласында толық аты «Mohamed bin Zayed University of Artificial Intelligence» деп аталатын университетті ашу жайында қаулы қабылданды. MBZUAI жоғары оқу орнына студенттермен қатар жасанды интеллект технологияларын дамыту саласында істейтін бизнес және мемлекеттік компаниялардың өкілдері қабылданады. Университет шәкірттеріне аталмыш сала бойынша алдыңғы қатарлы білім мен озық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Университеттің Қамқоршылық Кеңесінің Төрағасы болып Мемлекеттік Министр Сұлтан Ахмед әл Джабер тағайындалды. Сондай-ақ Кеңес мүшесі болып Оксфорд, Мичиган, және Пекин университеттерінің профессорлары да кірді.

Айта кетейік, 2030 жылы жасанды интеллект технологиясының әлемдік экономикадағы үлесі 16 трлн АҚШ доллары болады деп күтілуде.

Бөлісу: