12
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мұсылман өркениеті институты ашылды

Мұсылман өркениеті институты ашылды

Жаһан
Жарнама

21 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Лион қаласында Франция мұсылман өркениеті институты ашылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Институттың ашылу тарихы 38 жыл бұрын 1981 жылы 24 сәуірде басталған еді. Валери Жискар д’Эстен Франция Республикасының Президенттігіне 2-кезеңге қайта сайлану науқанында «франциялық мұсылмандардың мәдени орталығын» ашатыны жайлы жариялаған болатын.

Лион қаласының Орталық мешіті 1994 жылы ашылды, ал институттың жобасы сол күйі ұмыт қалған еді. Бірақ 2012 жылы франциялық мешіттерге имамдарды өз елінде дайындау мәселесі көтерілгенде Институттың жобасы күн тәртібіне қайта енді. Жобаны жүзеге асыру үшін қаражат жинастырыла бастады. Осылайша, мемлекет, Лион билігі, түрлі компаниялар, мұсылман қоғамдастығы және Сауд Арабиясы институт құрылысына жалпы сомасы 7 миллион евро бөлді.

Сонымен осы жылдың қыркүйек айында Франция мұсылман өркениеті институты ресми тұлғалардың қатысуымен ашылды. Салатанатты ашылу жиынына Лион қаласының әкімі Жерар Коллон, Ішкі істер министрі Кристоф Кастанер, басқа да саясаткерлер мен  мұсылман қоғамдастығының өкілдері қатысты. Кристоф Кастанер институттың мақсаты ислам мәдениетін, тарихын және мұсылман елдердің дәстүрін насихаттау екендігін айтты. Сондай-ақ исламға қарсы қалыптасқан қате пікірлермен күресуде маңызды орын алатынын атап өтті.

Лион Орталық мешітінің имамы Кемел Кабтане институттың есігі тек мұсылмандарға ғана емес, барлық келушілерге ашық екеніне назар аудартты. Ал исламға қарсы қалыптасқан пікірмен күрес тек ғылым мен мәдениеттің көмегіне жүгіну арқылы жүзеге асатынын айта келе, институтта Франция мешіттерінде қызмет ететін имамдарды дайындау жоспарымен бөлісті.

Аударған: Индира Жұмабекқызы

castaner institut francais de civilisation musulmane 1sauvadon 4429535

ifcm2

Бөлісу: