Құрама штаттағы христиандық оқу орны студенттері бұрын-соңды болмаған ерекше акцияны ұйымдастырды.
Оқу орнының студент қыздары үш аптадан бері сабаққа орамалда, мұсылманша киімде келіп қатысуда.
Белсенді жастардың айтуынша, бұл акция – қоғамда қалыптасқан исламофобиялық құбылыстарға қарсылық белгісі. Акцияға қатысушы Сондра Сассер өзінің сыртқы киім үлгісіне адамдардың көзқарастары алаңдатпайтынын, керісінше мұсылман қыздарына қолдау ретінде 2017 жылға дейін киіп жүретінін жеткізді.
ummet.kz-ақпарат