22
Жұма,
Қараша

һижри

Министр Нұрлан Ермекбаев Ресей Патриархы Кириллмен кездесті

Жаһан
Жарнама

Ресей Федерациясына жұмыс сапары аясында Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бүкіл Ресей және Мәскеу Патриархы Кириллмен кездесті, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі. 

Нұрлан Ермекбаев Ресей және Мәскеу Патриархын Қазақстан Республикасы мен Ресей халықтарының арасындағы бейбітшілік, достық пен ынтымақтастықты нығайту жолындағы еңбегі үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев табыстаған бірінші дәрежелі «Достық ордені» мемлекеттік наградасына ие болуымен құттықтады. 

«Бүгінгі күні барлық конфессиялардың өзара түсіністік пен ашық диалог негізіндегі ынтымақтастығы біздің  басты жетістіктеріміздің бірі болып табылады және бұны Қазақстанның айтулы табысы деп айтуға болады.  Әрине, осындай қарым-қатынастарды орнату оңайға түспеді,  конфессияаралық тиімді диалогқа қол жеткізуде екі жетекші дін – Ислам ханафи мазхабы және православие ерекше рөл атқарады» деді Н.Ермекбаев.

Министр Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі барлық діни бірлестіктермен конструктивті диалог орнатқанын және оның ішінде Орыс Православие Шіркеуіне  және оның жұмысына қолдау танытатынын атап өтті. 

«Біз заңнаманы жетілдіру, азаматтық қоғамды дамыту, діни бірлестіктермен тығыз қарым-қатынас орнату  арқылы мемлекеттік саясатты жүзеге асырамыз» деді министр. Нұрлан Ермекбаев қазіргі заманауи талаптарға сәйкес конфессияаралық және дінаралық диалогтың дамуы, адам мен қоғамның дәстүрлі моральдық-адамгершілік құндылықтарының сақталуы, мемлекеттік саясат қағидаларын құрметтеу тұрғысында атқарып отырған Орыс Православие Шіркеуінің жұмысын жоғары бағалады. Сондай-ақ министр, Орыс Православие шіркеуінің өкілдеріне Астанада өткен дінаралық форумдардың жұмысына үнемі қолдау көрсетіп, белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.  

ummet.kz

Бөлісу: