20
Сенбі,
Сәуір

һижри

Бішкекте Орта Азиядағы ірі мешіттердің бірі пайдалануға берілді (ВИДЕО+ФОТО)

Бішкекте Орта Азиядағы ірі мешіттердің бірі пайдалануға берілді (ВИДЕО+ФОТО)

Жаһан
Жарнама

4 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz - Қырғыз астанасында Орта Азиядағы үлкен мешіттердің бірі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Салтанатты ашылу рәсіміне Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған, Қырғыз елінің президенті Сооронбай Жээнбеков қатысқан.

Осман архитектурасы үлгісіндегі құлшылық үйінің құрылысы 2012 жылы басталған. Мешіттің жабық бөлігінің көлемі 7,5 мың шаршы метрді құрайды. Ішкі құлшылық залында 6 мың адамға шақталған. Ал жалпы мешіт аумағында 10 мыңнан астам адам бір мезгілде намаз оқи алады. 

Сонымен қатар, мешіт кешенінде 500 көлікке арналған тұрақ, Құран оқу курстарына арналған бөлмелер, конференц залы, асхана және су бұрқағы бар. Ғибадат үйі Анкара қаласы Коджатепе ауданындағы мешітке ұқсас салынған.

Мешіт құрылысы Түркия Діни қорының қолдауымен жүргізілген. Жалпы, мешіт құрлысына 25 миллион доллар қаржы жұмсалған.

378733 INNERRESIZED600 600 44760.jpg w780 h500 resize

378737 INNERRESIZED600 600 44755.jpg w780 h500 resize

378738 INNERRESIZED600 600 44769.jpg w780 h500 resize

378734 INNERRESIZED600 600 44763.jpg w780 h500 resize

378736 INNERRESIZED600 600 44771.jpg w780 h500 resize

378741 INNERRESIZED600 600 44774.jpg w780 h500 resize

378739 INNERRESIZED600 600 44776.jpg w780 h500 resize

378743 INNERRESIZED600 600 44773.jpg w780 h500 resize

Бөлісу: