5 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – «Ливерпуль» футбол клубының шабуылшысы Садио Мане ағылшын премьер-лигасының 4-турындағы кезекті жеңістен кейін қоғамдық пайдалы іспен айналысты, деп хабарлайды islam.ru сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде сенегалдық форвардтың Ливерпуль мешіті Әл-Рахманың әжетханасын тазалап жатқаны түсірілген видео тарап кетті. Бұл мешітке Маненің жиі келіп тұратыны белгілі.
Сенегалдық 26 жасар мұсылман футболист бұған дейін де көптеген әлеуметтік жобаларға қомақты үлес қосып келген. Өз ауылындағы мектепті қайта жөндеуден өткізіп, мешіт салдырған ол қазірде аурухананың құрылысына қаражат құйып отыр.
Қайырымдылық істерімен танымал тағы бір футболист, аталмыш клубтың мүшесі – Мұхаммед Салах. Оның Мысыр ауруханаларына медициналық жабдықтар алуға, онкологиялық дертке шалдыққан балалардың еміне және спорт алаңдарының құрылысына арнайы қаражат бөлгені белгілі.