11 қыркүйек. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін хижра жыл санағы бойынша жаңа 1440-жылдың басталуымен Мекке ұмра жасаушыларға өз есігін ашты, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Мұхаррам айының басталуымен мұсылман күнтізбесі бойынша жаңа жыл басталды. Сауд Арабиясының қажылық министрлігінің мәлімдеуінше Мекке қаласы мұхаррам айынан бастап кіші қажылыққа келушілерді күтіп алуға дайын.
«Біз 2022 жылға дейін Ұмраға келушілердің саны 15 миллионға, ал 2030 жылға дейін 30 миллионға жетеді деп күтудеміз», - деді министрдің орынбасары Абдул Фаттах Сүлейман Машат Salamam Gateway-ге берген сұхбатында.
Биыл Ұмра мезгілінің мұхаррам айынан басталып жатқанына екінші жыл болады. Бұған дейін Сауд Арабиясы Ұмра кезеңін сафар айында яғни мұсылман күнтізбесіндегі екінші айда бастайтын еді.