Қазіргі кезде бала тууды бақылауға алу мәселесі тек біздің елімізде ғана емес барлық дүние жүзінде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі.
Нәзірдің мәні неде?
Араб тілінде «нәзір» (нәзр) деп берілген «атау» сөзі фиқһ тілінде «адамның діни тұрғыдан жауапты емес ғибадат түрінен бір істі өзіне уәжіп етіп алуы» дегенді білдіреді.
Алла кешірмейтін күнә бар ма?
Жаратушы Иеміз Тағала шексіз рахым-мейірімімен пенделерінің түрлі күнәларын кешірсе де, Өзінен басқаға жалбарынып, одан қажетін сұрап, табынуды ешқашан да кешірмейді. Хақ Тағала мұны күллі адамзатқа Құран Кәрім аяттарында және Пайғамбары (с.а.с.) арқылы қатаң түрде ескертіп өткен. Мысалы, Ниса сүресінде Жаратқан Иеге ортақ қосудың ең үлкен кешірілмес күнә екендігі нақтылы түрде айтылған.
Діни мерекелерді тойлаудың үкімі қандай?
Егер шариғатта тыйым салынған істер араласпаса, діни мерекелерді ескеру, атап өту мұсылмандар үшін сауапты іс. Өйткені Алла Тағала Құранда: "وذكرهم بأيام الله" «Алланың күндерін ескерт,»[1] - дейді. Пайғамбардың (ﷺ) сүннетінде мұндай істер болғаны жайлы хадистер келген.
Сағыз шайнау оразаны бұза ма?
Сағыздың дәмінен ауызда тәтті сұйықтық пайда болып, ол асқазанға түсетіндіктен, ораза бұзылады. Әрі бұл азық қатарына жататындықтан, бұған кәфәрат қазасын өтеуіңізге тура келеді.
МАДХАЛИТТЕР, СУРУРИТТЕР, ТƏКФИРИТТЕР ДЕГЕН КІМДЕР?
Сəлəф ағымы қауіпті, қауіпсіз жəне бейтарап болып үш топқа бөлінеді дейді. Яғни Мадхалиттер, Сурариттер, Тəкфириттер болып бөлінеді екен. Осылардың аражігін анықтап тарқатып айтып беріңізші? Оларды бір-бірінен қалай ажыратуға болады? Қандай ерекше белгілері бар?
Халифа Әбу Бәкірдің кезінде жинақталған Құран парақтары қайда кетті?
Ол Құран аяттары мен сүрелері жинақталған парақтардың Әбу Бәкір мен Омар дүниеден өткеннен кейін Хафса анамызда болғандығы және одан басқа Құран кітаптарын көшіру үшін Османның алдырып, кейіннен қайтарып бергендігін жоғарыда айтылды. Осылайша ол жинақ Хафсаның үйінде сақтаулы тұрады.
Үлкен күнә мен кіші күнәның қандай айырмашылығы бар?
Имам ән-Нәуәуи Мүслімнің Сахихына жазған түсіндірмесінде: «Түрлі топтардағы бұрынғы және кейінгі ғұламалардың басым көпшілігі күнәлардың кіші әрі үлкен болып бөлінетіндігі туралы айтқан. Оларға Кұран пен Сүннеттен де және үмбеттің бұрынғы және кейінгі өкілдерінің сөздерінен де дәлелдер табылды».
Қай дұғаларды оқып, Алла Тағаладан перзент сұрасам болады?
Құран Кәрімдегі перзент сұрау үлгілері
Адамзат тарихында ғұмыр көшкен талай игі жақсылар, тақуа жандар, әулие-әнбиелер, пайғамбарлардың өздері Алла Тағаладан басқаларға үлгі болатын, арттарында тұяқ болатын ізгі ұрпақ сұраған. Олардың дұғалары туралы Құран Кәрімде былай делінген:
Исламда көп балалы болу жайында не айтылған?
Ислам дінінде көп балалы болудың артықшылығы нақтылы түрде айтылған. Өйткені ұрпақтың көптігі мұсылман үмбетінің көптігіне себепші болады. Ал, бұл өз кезегінде Пайғамбардың (с.а.с.) өсиетін орындау әрі оның (с.а.с.) Қиямет күні басқа пайғамбарлар мен үмбеттерден биік тұруына жәрдем деген сөз, қала берді, Құдай Тағаланың разылығына жеткізеді.
Намазды бұзатын істер мен сөздер қандай?
Намазды бұзатын істер төмендегідей: