Сұрақ: Неліктен жолаушы намазды қысқартып оқиды?
Жауап: Қазіргі жол жүру үрдісі бағзы замандармен салыстырғанда, жетілген әрі қолайлы болғанымен, сапарға шыққан адамның үйреншікті өмір салты бәрібір өзгереді және жайсыз жағдайдың пайда болу мүмкіндігі де арта түседі. Сондықтан, мұсылмандардың намаздарын уақытында орындауына жеңілдік беру үшін сапар барысында намаздарды қысқартып оқуға шариғатта рұқсат етіледі.