17
Сәрсенбі,
Сәуір

һижри

Әжетханаға кірерден бұрын Алланың атымен шайтанның азғыруынан сақтану. Өйткені ең лас жерлер жын-шайтанның орны. Осындай жерлерде адамды азғырып, зарар беруге тырысады.

Жауап: Ислам – Ұлы Жаратушы тарапынан жіберілген соңғы иләһи дін. Ислам өзінен алдыңғы иләһи шариғаттардың бәрін толықтырушы әрі кәміл дін болғандықтан, Алла исламнан өзге дінді қабыл етпейді: «Күмәнсіз Алланың құзырындағы дін – Ислам»(3. «Әли Имран» сүресі, 19-аят).

Сұрақ: Қорымның ішінде жүру әдебі қандай?

Жауап: Қорымның ішінде жүру әдебі:

Пенде қабірлерді зиярат еткенде оның ішінде тірі кісілердің арасында жүргендей дұғалар айтып әдеп сақтап жүреді, ешқандай бір қабірдің үстін баспайды.

Сұрақ:ЖЫНЫС МҮШЕСІН АУЫСТЫРУДЫҢ ҮКІМІ ҚАНДАЙ?

Жауап: Қазіргі заманауи медицинада адамның жыныстық ағзаларын ауыстыру өзекті мәселелердің біріне айналды. Шариғи тұрғыдан жыныстық мүшені ауыстыруға тыйым салынады. Оған төмендегі мына аят-хадистер айғақ болады.

Сұрақ: Жақсылық пен жамандық та Алладан дегенді қалай түсінеміз?

Жауап:Біз, яғни иман етуші пенделер әу баста әмәнту билләһты айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендігіне сендік. Негізінде Алла Тағаланың шексіз құдіреті арқылы жер бетіндегі әрбір нәрсе жұп-жұбымен жаратылған. Жақсылық пен жамандық ұғымдары да бірбіріне қарамақайшылық жұбы.

Сұрақ: Алла Тағаланың ең ұлы есімі қандай?

Жауап: Ұлы Есім – Алла Тағаланың барлық кемелдік сипаттарын қамтитын, ұлылығын, көркемдігін паш ететін есімі. Кімде-кім шын пейілімен Алла Тағалаға оның ұлы есімі арқылы дұға қылып, тілегін сұраса, иншалла, қабыл етеді.

С: Шиит деген кімдер?

Ж: Шиит ағымы және олардың діни ұстанымдары

 «Шиа» сөзі  «жақтау», «қолдау» деген мағынаны білдіреді. Ағым ретінде «шиа» атауы -  Хазіреті Пайғамбар (с.а.у.) 632 жылы қайтыс  болған соң Хазіреті Али және оның ұрпақтарын халифалыққа ең  лайық кісі деп, Алиді Құран мен хадис арқылы тағайындалған хақ халифа ретінде қабылдаушы, халифалықтың да осы әулетке тән екендігін айтушыларға берілген.

Сұрақ: Азаматтық некенің шариғи үкімі қандай?

Жауап: Азаматтық неке деп қыз бен жігіттің ерікті түрде бір-біріне лайықты екендігін сынау мақсатында некесіз қосылып, ата-ана, тума-туыстарына хабар бермей бірнеше ай немесе бірнеше жыл бірге тұруын айтады. Кейбіреулер оны «еркін махаббат» немесе «іс жүзіндегі неке» деп те атайды.