22
Жұма,
Қараша

һижри

Нәзірдің мәні неде?

Сұрақ-Жауап

Араб тілінде «нәзір» (нәзр) деп берілген «атау» сөзі фиқһ тілінде «адамның діни тұрғыдан жауапты емес ғибадат түрінен бір істі өзіне уәжіп етіп алуы» дегенді білдіреді.

Былай айтқанда нәзір – Аллаға ғибадат ету мақсатымен өз міндетінде болмаған мүбах[1] (халал, жәиз), істі жасауға шешім қабылдап, мұндай істі өзіне уәжіп яғни міндет қылуы не бұл жөнінде Аллаға сөз беруі.

Құран берген уәделерді орындауды[2], Аллаға берген сөзден таймауды[3] бұйырады. Аталған істердің орындалуын қалайды[4]. Адамның атаған ісіне сай амал етуін жақсы пенделердің қасиеттері арасынан деп санайды[5].

Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) Аллаға құлшылық ретіндегі атау-нәзірлердің орындалуын бұйырып, Аллаға қарсы келу және күнә сияқты істерге атау-нәзір жасалмауын бұйырған. Аталып қойылса, оны орындамауды бұйырған.

«Кімде-кім Аллаға құлшылық етемін деп атаса, құлшылық етсін! Ал кім Аллаға қарсы келемін деп атаса, Аллаға қарсы келмесін!»[6].

Ал Хазіреті Пайғамбардың (с.ғ.с) кейбір хадистерінен атау-нәзір жасауды ұнатпағаны байқалады. Мысалы бір хадис шәрифте:

«Атау-нәзір қандай да бір пайдаға жеткізбейді. Тек сараңның малын азайтады»[7].

Бірақ бұл мәселеде хадистер мен ғалымдардың жалпы тұжырымдамаларына қарасақ, дүниелік мақсат үшін аталған нәзірлер дұрыс емес. Мысалы, «Пәлен ісім ойдағыдай болса, үш күн ораза ұстаймын» немесе «кедейлерге мынанша ақша беремін» деген сияқты.

Мұндай дүниелік мақсат үшін жасалатын ғибадат ұлы мақсатқа емес, дүниелік арманға сүйенген болады. Бұл ғибадаттардағы ләзім ықыласпен байланыспайды. Онсыз да мұндай атау тағдырды өзгертпейді. Тағдырда не жазылса, сол жүзеге асады.

Бәлкім, дүниеде қандай да бір нығметтерге жеткен немесе ауыртпалықтардан құтылған жағдайда Аллаға шүкір ету үшін артық ғибадат пен құлшылық, қайыр мен жақсылық жасау дұрысырақ болар.

             


 

[1] Халал, жәиз істерді орындау не орындамау тұрғысынан өз еркіне қалдырылған істі мүбәх дейді.

[2] Мәидә,5/1;Исра, 17/34

[3] Нахл,14/91.

[4] Хадж, 22/19.

[5] Инсан, 76/7.

[6] Бұхари, Әймән28, 31; Абу Дәуіт, Әймән 19; Тирмизи 2; Нәсәй, Әймән 27, 28; Ибн Мәжә, Кәффарат 16.

[7] Бұхари, Әймән, 26; Муслим, Нәзір2.

Дәлел-дәйектермен Ислам ғылымхалы

 

«ummet.kz» рухани – ақпараттық порталы

Бөлісу: