Алла Тағала қажылық орны ретінде жер бетіндегі бірінші мешіт, Аллаға құлшылық ететін алғашқы қасиетті үй, құбыламыз – Қағбаны бекіткен.
Бұл туралы Құранда: «Оның жолына шамасы келген адамдар Алла үшін Қағбаны зиярат ету (қажылық жасау) керек. Ал, кім қарсы келсе, Алла барлық әлемнен бай», - делінген.[1]
Егер жәй мұсылман ретінде қарайтын болсақ, Ислам діні бастау алып, өркендеген, қасиетті аяттар келіп түскен, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бен сахабалар үлкен қиындықтарға төтеп беріп, ақиқат үшін күрескен қасиетті орындарды өз көзімізбен көру, Адам пайғамбарымыздан (а.с.) бастап кейінгі басқа да пайғамбарлар жиі болған жерлермен жүру, сол ауамен тыныстау әрбір мұсылманның ең үлкен арманы. Сонымен бірге, бұл мұсылмандардың иманын күшейтіп, Исламға деген сүйіспеншілігін арттыратынына күмән жоқ.
Дүние жүзі мұсылмандарының бір-бірімен кездесіп, Алла елшісінің (с.ғ.с.) қабірінің жанында бірге болуы Исламның алғашқы жылдарындағыдай оларды біріктіреді. Ал, ең бастысы, өз діндерін бұрынғыдан бетер қадірлеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан Қағба қажылық үшін ең бірегей орын.
Ummet.kz
«Әли Имран» сүресі, 97-аят.