21
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады...

Сертті орындаңдар. Сөз жоқ, уәде сұралады...

Иман келтіру

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Қасиетті Құранның «Тәубе» сүресінде: «Алла (келісімді бұзудан) сақтанғандарды жақсы көреді» делінген.

Уәдеде тұру – өте маңызды қасиет. Бұл жөнінде көптеген хикметті сөздер, хадистер мен дана әрі нақыл сөздер бар.

Хадис шариф: «Сөз беру қарыз болып саналады. Сөзінде тұрмағандарға өкініштер болсын»

Кез-келген мәселеде берген сөзінде тұру – жақсы мінез. Сөзінде тұру адамның абыройын көтеретін жақсы әдеттердің ең алдында келеді. Берген уәдені орындамау болса, мұсылмандарға жараспайтын ең жаман әдет. Уәдесінде тұрмаған адам, Алла Тағаланың және құлдарының ақысын аяқ асты еткен болады.

Араб тіліндегі «аһдул-уафа» сөзі қазақ тілінде, берген сөзінде тұру, уәдесін бұзбау дегенді білдіреді. Бұдан бөдек «адалды», «опашылдық» дегенді де аңғартады.  Бұл ұғым Ислам дініндегі көркем мінездің ең басты ұстанымдарының бірі. Құранға қарай сөзі мен сертінде тұру әуел баста иманға келіп Алла Тағалаға сөз беріп сертесіп, өзінің азат еркі арқылы адалдығые мығым сақтаған мұсылманның көркем мінезіне сай мойындағы борышы деп саналады.

Адамға болсын, Алла Тағалаға болсын берген әрбір серт пен сөз адамды жауапкершілікке байлайды. Құран Кәрімде сөзінде тұратындар мақталған, сөзінің ері делінген. Уәдеде тұру адамның абыройын көтеретін жақсы әдеттердің ең алдында келеді. Берген уәдені орындамау болса. Мұсылмандарға жараспайтын әдет.

Сүйікті Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадис шарифінде былай делінген: «Төрт нәрсе мұнафықтың белгісі: Аманатқа қиянат жасау, өтірік айту, уәдесңн бұзу, сөзінде тұрмау»

Сөз бергеннен кейін оны орындау керек. Бірақ орындауды көздеп, бірақ орындай алмай қалса, бір себебі бар болса, онда қауіпі жоқ. «Жиһад үшін соғысқа аттанған еркектердің әйелдері жиһадқа кетпеген еркектерге өз аналары сияқты харам. Бір еркек, мұжаһидтердің (соғысқа аттанғандаардың) біреуінің жанұясна өарауды мойына алып, қиянат етсе, қияметте ол мұжаһид бұл адамнан ақысын толығымен алады»

Өмірдің ең маңыздысы – Раббымыздың алдында берген уәделеріміздің орындалмауы нағыз опасыздықтың белгісі. Неше рет намаз бастаймын деп уәде беріп, Алланың сансыз нығметтерін сезе тұра әлі күнге дейін сол үлкен уәдемізді орындай алмай жүрміз. Алла Тағала өзінің құлдарынан уәдеде тұруды қатаң түрде ескертеді.

Алла Тағала Қасиетті Құран Кәрімде: «Сертке берік болыңдар! Өйткені берілген серттің сұрауы бар» дейді. Жәннат иегелерінің де асыл сипаттарының бірі – бұл өмірде сертте тұру болған.

«Сондай-ақ, олар (яғни намазды үзбей оқитын шынайы мүміндер)  қолдарындағы аманаттарына асқан жауапкершілікпен қарайды һәм берген уәделерін толық орындайды»

Сахих мүслимде хадисте Хузайфа ибн әл-Яман және Әбу Хусайл деген екі сахаба Меккеден Мәдинаға бет алып бара жатқаның біліп кері қайтармақшы болады. Олар Құрайыштарға қарсы соңыспасқа Алламен ант етуін сұрайды олар ант еткеннен кейін босатады. Мұсылмандардың кәпірлермен алғашқы соғысы Бәдір соғысында мұсылмандар саны да аз бола тұра Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) олардың берген серттері үшін соғысқа қатыстырмайды. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Сендердің серттерің үшін олармен соғысуға тыйым салынды, Алла Тағаладан оларды жеңу үшін жәрдем сұраймыз» - деді. Бұл мүшриктерге берілген уәде болса да, Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) уәдені бұзбады.

Біздің ата-бабаларымыз үшін де уәдеге беріктік, сөзінде тұру мәселесі қоғамда үлкен маңыззға ие болған. Екі сөйлегенді, уәдесінде тұрмағанды қатты сынға алып, өлімнен бетер қорлық санаған. Қазақ халқы үшін өлімнен ұят күшті болған. Уәдеге, сөз беруге қатысты ер азаматтың намысын жігерлендіретін нақыл сөздер әлі күнге дейін өз маңызын жоймайды.

Абдурахман ибн Әбу Ханса былай дейді: «Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбарлық келмей тұрып, онымен арада сауда жасасқан болатынмын. Бірде оған қарызданып қалдым да: «Пәлен деген жерде кездесейік, қарызынды алып келіп беремін», - деп сөз бердім. Сол күні уағадаласқан жерге келуді ұмытып кетіппін. Ертеңіне де есімде болмады. Үшінші күні алып-ұшып барсам, әлі сол жерде мені күтіп тұр екен. Мені көрісімен: «Ей, жігіт! Сен мені қинап қойдың ғой! Сені осы жерде үш күннен бері күтудемін», - дейді. Кездесуге келісіп қойған соң, уәдесін бұзбастан Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әлгі жігітті уәделескен жерінде үш күн күткен екен». Уәдемізге адал болайық!

Әйкерім Қайратқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: