22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылман қай ісіне тиянақты болуы керек?

Мұсылман қай ісіне тиянақты болуы керек?

Иман келтіру

1. Мұсылман адам ең әуелі құлшылығына тиянақты болуы керек. Намазын уақытында оқып, шариғатта бұйырылғандай парызын, уәжібін, сүннетін кемшіліксіз орындауы тиіс. «Аллаға жағамын десең азанды бол, ағайынға жағамын десең қазанды бол» демекші, Алланың разылығына кенелуді қаласаңыз құлшылыққа мұқият болыңыз.

2. Күнделікті уақытты тиянақты пайдалануды әдетке айналдыру. Ол үшін ерте тұрып, құлшылығы мен тіршілігін орнымен атқаруға дағдылану керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үмметі үшін былай деп дұға еткен: «Уа, Алла, үмметімнің әрбір атқан күнінің алғашқы сағатында жасаған ісіне береке бергейсің» (имам Әбу Дәуід).

3. Ерте тұру. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп ескертеді: «Таңертеңгілік ұйқы ризыққа кедергі болады» (имам Бәйһақи). Ал имам Мәуарди: «Таңертеңгілік ұйқы әлсіздікке, жалқаулыққа, бекершілік пен ұмытшақтыққа себеп болады», - деген.

4. Бүгінгі істі ертеңге қалдырмау. Жетістікке жетуге кедергі болатын жаман әдеттің бірі – бүгінгі ісін кейінге қалдырмау. Әрбір сәтте атқарылуы тиіс амалды кейінге қалдырмай, жалқаулықтан арылу керек.

5. Берілген қызмет пен шаруаны тиянақты орындау. Адамның қадірі мен беделін түсіретін кемшілік – жұмысын тиянақсыз орындау.

6. Өз ісіне тиянақты болу. Күнделікті ісін мұқият әрі тиянақты атқарған мұсылманды әркез құрметтейтін болады. «Есті адамға екі ауыз сөз жетеді» демекші, айтылған істі тиянақты орындау керек.

7. Киген киімін, мінген көлігін, үйін және мешітті таза ұстау. Мұсылман адамның киген киімі жарасымды әрі таза болуы тиіс. Алла пендесіне берген нығметін оның үстінен көргенді қалайтынын ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мына хадисінде баян етеді: «Алла берген нығметін құлының бойынан көргенді жақсы көреді» (имам Тирмизи).

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: