10
Сейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Ниеттің бұл дүние мен ақыреттегі пайдасы

Ниеттің бұл дүние мен ақыреттегі пайдасы

Иман келтіру

Мұсылман баласы әрбір ісінің ниетіне қарай сауабын алады. Егер бір кісі ізгі іс істемекке ниеттенгенімен оны іске асыруға оның науқастығы немесе ажалы, т.б кедергілер бөгет болса, ол адам сол ісін атқара алмаса да ізгі ниеті үшін сол сауапқа ие болады.

Ниеттің пайдасы бұл дүниеде де, ақыретте де мол. Дегенмен мынадай пайдаларын айтуға болады:

Ниет – құлшылықтың рухы. Ниетсіз іске сауап жоқ;

Ниет арқылы сауап іс күнәға, күнә іс сауапқа айналады;

Пенде ниеті арқылы өзі істей алмайтын мол сауапқа айналады;

Пенде ниеті арқылы өзі істей алмайтын мол сауапқа кенеледі.

Ислам ғұламалары: «Амалдан бұрын ниет етуді үйрен! Ниетке қарай кішкентай амал үлкен амалға, үлкен амал кішкентай амалға айналады. Пенде жақсы ниеттен танбаған сайын, ізгіліктің жолында болады», - деген.

Қорыта айтқанда, «Жақсылықта алға шығу қадаммен емес, ниетпен болады». Ниет бұл пәни дүниеде әр ісімізге береке әкеледі. Ал ақыретте сауап болып, азаптан құтылуымызға дәнекер болады. Дана халқымыз «Жақсы ниет – жарым ырыс» деген. Сол үшін біз құлшылықтарымызды шын ықыласпен, шынайы ниетпен орындап, кез-келген игі іске ниет етер болсақ, Алла Тағаланың разылығына жеткізіп, құлшылыққа айналары сөзсіз.

Раббымыз бізді шынайы ниеттен айырмасын.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: