11
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәкәппарлыққа жетелейтін себептер

Тәкәппарлыққа жетелейтін себептер

Иман келтіру

Тәкәппарлыққа жетелейтін себептер мыналар:

Білім: тәкәппарлық – кей адамдардың білім алуына кедергі келтіреді. Бұрынғы өткен даналарымыз: «Ілімге екі адам ие бола алмайды: ұялшақ пен тәкәппар» деген. Абай атамыз мын аөлең жолдарында менмендікті былай жеткізген:

Адам – бір боқ көтерген боқтың қабы,

Боқтан сасық боласың өлсең тағы.

Менімен сен тең бе деп мақтанасың,

Білімсіздік белгісі – ол баяғы.

Тегімен мақтану: Адам ұлты мен тегін, руын артық көру арқылы тәкәппарлыққа жол береді. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай . дейді: «Өмірден өтіп кеткен ата-бабаларымен мақтанатындар ондай қылықтарынан тыйылсын! Болмаса олар жәһаннамның көміріне айналады немесе Алла үшін тұмсығымен қи домалататын қоңыздан да төмен мақұлыққа айналады. Ақиқатында Алла сендерден надандық дәуірінің тәкәппарлығын, ата-бабалармен мақтануды келтірген болатын. Расында мүмин – тақуа, ал бұзық бақытсыз. Барлық адамдар Адам атадан, ал адам топырақтан жаратылған» (имам Әбу Дәуід, Тирмизи).

Байлық: Алланың берген байлығын маған өз еңбегіммен ғана бітті деп өзін жоғары ұстап, тәкәппарлыққа бой алдырады. Құрандағы Қарунның оқиғасын еске алатын болсақ, ондайлардың соңы қайғымен ақталғанын көреміз.

Мансап: өызмет пен мансапты сұрауы бар аманат деп түсін керек. Қайшы жағдайда тәкіппарлықтың шырмауына түседі.

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: