04
Сенбі,
Мамыр

һижри

Сынақтың ең ауыры қандай адамдарға түседі?

Сынақтың ең ауыры қандай адамдарға түседі?

Иман келтіру

Қанша даналардың көкірегін тесіп, көмейінен сабыр жайында жыр маржандары төгілсе де, Хақ Талаға сипаттағандай ешкім аталмыш асыл қасиеттің шынайы болмысын ұғындыра алмақ емес.

Басынан небір жайлар өткен ерендердің сабыры қасиетті Құранда «жәмил» деген көрініс тапқан. Араб тіліндегі «жәмил» сөзі көркем ақауы жоқ, қараған көз сүйсінетін, әдемі деген мағынаға саяды. Хадисте айтылғандай. «Алла Өзі – көркем һәм көркем нәрселерді сүйеді». Осынау шын сабырдың шыңын көрсеткен жандар – пайғамбарлар.

Сынаққа сабыр ету пенденің Алла алыдндағы дәрежесін өсіреді. Пенденің денесіне дерт жіберіп, мал-мүлкіне өрт жіберіп қалайша сынаса, Жаратушы Алла дәл солай жүректің түкпірінде жатқан адам баласына көмескі сезімдерді сынап шын асылды шығарады.

Сахаба Сағыд бірде Алла Елшісіне былай деп сұрақ қояды: «Уа, Расулалла! Жан баласының пешенесіне жазылған сынақтың ең ауыры кімге түседі?», - деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Пайғамбарларға һәм оларға ұқсағандарға (әулиелер, салиқалы пенделер)», - деп жауап берді (имам Тирмизи, ибн Мәжә).

материал «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: