22
Жұма,
Қараша

һижри

Зұлымдықтың алдын алудың алтын тәсілі

Зұлымдықтың алдын алудың алтын тәсілі

Иман келтіру

Зұлымдықтың зарарлы екені рас. Залым қайдан туады? Ол айдаладан келіп, өз дегенін істеп жүрген адам емес. Оны тудыратын – өзі өмір сүріп жүрген қоғамы, қоршаған ортасы.

Сондықтан осындай өрескел қателерге ұрынбас үшін тұтас қоғам болып халқына жанашыр болатын адамды тудыру бірінші кезектегі мәселеге айналуы тиіс. Оған бей-жай қараса, ақыры “іштен шыққан жау жаманның” кебін киері сөзсіз. Ендеше түрлі әлеуметтік топтар адамды жанашырлыққа баулитын механизмдерді іске қосуы тиіс.

Зұлымдықтың алдын алудың тәсілі ретінде Бразилия ғалымдары кітап оқуды ұсынады. Бразилиядағы төрт ірі түрмеде қылмыскерлердің жазасын өтеу уақытын кітап оқығандығы үшін қысқартады. Кітапты толық оқып шыққан қамаудағы адамның мерзімі тоқсан алты сағатқа қысқарады. яғни, тура төрт күнге. Осы бағдарламаны енгізген зерттеуші Андри Кехди: “Олар кітап оқу арқылы әлем өздері ойлағаннан әлдеқайда кең екенін түсінеді” дейді. Әлем надандық батпағына батып, тал қармағанда ең алғаш түскен аят “Оқы!” болды. 

материал “Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: