22
Жұма,
Қараша

һижри

Мұсылманға тіл ұзату – пасықтық, оны өлтіру – күпірлік

Мұсылманға тіл ұзату – пасықтық, оны өлтіру – күпірлік

Иман келтіру

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дінсіздерді Аллаға, ақырет күніне иман келтіруге шақырады.

Бірақ Алла жүрегі мөр басылған дінсіздерге айтылған насихат дарымайтынын, олар үшін қайғырмау керектігін мына аятта баяндады: “(Мұхаммед) Расында қарсы болғандарды үгіттесең де, үгіттемесең де бәрібір. Олар иман келтірмейді. Алла олардың жүректерін, құлақтарын бітеген, әрі көздерінде перде бар. Сондай-ақ, олар үшін зор қинау бар” (“Бақара” сүресі, 6,7 аяттар).

Пенденің жағдайына байланысты жасаған күпірлігін бірнеше санатқа бөлуге болады: 

Куфри инкари (түбегейлі қабыл етпеу): Алланың бар екенін, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) пайғамбардың пайғамбарлығын және Алладан жеткізген діні мен діни үкімдерін түбегейлі қабыл етпеу. 

Куфри жухуд (біле тұра қабыл етпеу): Алланың бар және бір екенін біле тұра, иман келтіруден бас тарту. Мәселен, Перғауын Мұса пайғамбардың мүғжизасын көре тұра, иман келтірмейді.

Куфри инади (қырсықтықтан туындаған күпірлік): Алланың Құдай екенін жүрегімен біліп, бірақ иман келтіруге келгенде лауазым, қызметінен, атағынан айырылып қалудан қорқып, Исламды дін, Алланы Құдай ретінде қабылдамау осы күпірлік түріне жатады. 

Куфри нифақ (екіжүзділіктен туындаған күпірлік): сырт көзге мұсылман болып көріну үшін тілімен сенген екіжүздінің күпірлігі. Кей адам өзінің сауатсыз екенін біле тұра, білгісі келмеуі күпірлік болып саналады.

Иса пайғамбар (оған Алланың сәлемі болсын): “Саңырауды, мылқауды емдедім. Өліні тірілттім. Бірақ надандықтың шипасын таба алмадым” деген екен. 

Абдулла ибн Мәсғудтан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дейді: “Мұсылманға тіл ұзату – пасықтық, оны өлтіру – күпірлік” (имам Бұқари, Мүслим).

материал “Ихсан – рухани тәрбие негізі” кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: