22
Жұма,
Қараша

һижри

Екі дүниеде бақытты болуды қаласаңыз...

Екі дүниеде бақытты болуды қаласаңыз...

Иман келтіру

Кешке шейін тірі өмір сүрсең, таңға шейін де өмір сүретініңе толық сенімде болма. Ал енді таңға шейін өмір сүрсең, міндетті түрде кешке шейін өмір сүрем деп ойлама. Сен бүгін, қазірдің дәл өзінде өмір сүріп жатырсың. Өткенді қайтара алмайсың, ал енді келешек әлі келген жоқ. Сондықтан бүгінгіңе, қазіргіңе көңіл бөл.

Бүгін туылып, бүгін-ақ қайта өле қалатындай өмір сүр. Бәрін соңғы рет жасап жатқандай өмір сүр. Намаз оқуға кіріскен кісі бұл оның өміріндегі ақырғы намаз екенін білсе, онда ол намазын қалай оқитын еді? Әлбетте, бүкіл денін Аллаға қойып, өте беріле оқитын еді. Ерекше беріліп һәм Құдайдан қорқып оқитын еді. Әрбір намазыңды солай оқып көр, шынында-ақ сен кейінгі намазыңа шейін өмір сүресің бе, өмір сүрмейсің бе, оны білмейсің ғой. Әрдайым осылай оқымауың мүмкін, бірақ сен соған ұмтылуың керек.

Жақсы істерді жаса, ол сенің өміріңдегі ең ақырғы ісің екенін елестет. Оны сен біраздан кейін өлеріңді біліп тұрғандай орында.

Сенің барлық орындаған істерің және ғибадаттарың сондай болу керек.

Өзіңді қайта қайтпайтын нәрселермен, өткендерді еске алумен қинама. Өміріңді әлі болмаған келешекке қатысты қорқыныштармен алаңдатпа. Бүгінгі күнмен өмір сүр. Бүгін жасай алатын және жасайтын нәрселеріңді жасап қал, ертеңге қалдырма. Өйткені «ертеңгі күн» сен үшін болар-болмасын еш білмейсің.

Әрбір минутыңды бүгінгі күн үшін пайдалан. Өйткені осынау баға жетпес жақсылықтарды жасау – өзіңе және басқаларға пайда алып келу және Жаратушы Иесінің кешіріміне және сыйына лайықты болу деген сөз.

Бүгін қолыңдағы барға разы бол. Өйткені ертең сен иелік қылған нәрселер не болатынын білмейсің.

Бір ақын былай деп өте жақсы айтқан:

Өткен өтті мәңгілік,

Болашақ әлі белгісіз.

Демек, бір сағат қана бар,

Сол сіздің еншіңіз...

Егер сен бүгін бақытты болсаң, онда сен бақыттысың. Сенің өткен мезгілдегі бақытың – бұл сол мезгілдегі бақыттылық, ол сол жақта қалды. Ал енді саған келешекте келетін бақыт – бұл келешектің бақыты. Ол алда, әлі келмеді, сондықтан бүгін бақытты бол.

Екі дүниеде де бақытты болуын қаласаң, бүгін еңбектен, сонда сен Жаратқанның жарылқауымен оған ие боласың!

материал «Мұңайма - бақыттың бұлағы және

қайғы-мұңның дауасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: