22
Жұма,
Қараша

һижри

Еліктеушілікпен иман ету дегеніміз не?

Еліктеушілікпен иман ету дегеніміз не?

Иман келтіру

Еліктеу иманы – қоршаған ортаның әсерімен немесе біреулерден естіп, соларға еліктей отырып мақұлдау.

Әбу Ханифа, Суфиян Сәури, Мәлік ибн Әнәс, Әузағи және басқа да фиқһ, хадис ғалымдары иманның бұл түрінің дұрыстығын айтады. Бірақ нақли (аят-хадис) әрі ақли дәлелдерді қолданып, сол иманын қуаттамайынша, ондай кісі күнәһар болады дейтін де пікірлер бар.

Ғалымдар еліктеушілікпен иман етуді шынайы иманмен растамайынша, кісінің иманы үнемі күмәнға ұшырауға бейімдігі басым болатындығын айтады. Сондықтан, әрбір мұсылман өзі сенген иман негіздерін мүмкіндігінше дәлелдермен растауы қажет.

Әлемнің Ұлы Жаратушысы мен оның елшісі адам баласын тақлиди (еліктеу) иман емес, яқини (нағыз) иманға шақырады. Алла Елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бұл жайлы былай дейді: «Үш қасиет бар. Мұндай қасиетке ие болған жан иманның ләззатын татады. Ол – Алла мен Оның елшісін бәрінен де артық сүю, адамды тек қана Алла үшін сүю және Алла оны қараңғылықтан құтқарып, мұсылман болғаннан кейін күпірге оралуды отқа түсердей көру».

Абайдың «Адамды сүй, Алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде онан басқа?!» деуі осыған саяды. Яғни, адамды сүйген оны босқа сүймейді. Зерттеп, танып барып сүйеді. Ал дінімізде «өзін таныған – Раббысын таниды» деген сөз бар. Яғни, адамды тану арқылы Алланың хикметін сезеді. Оның хикметін сезген соң, адамды сүйеді. Бір-бірімен тығыз байланысты. Өйткені Абайдың басқа бір өлеңінде: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті», – дейтіні бар.

Иман адамды бақыт шыңына жетелесе, имансыздық адамды шыңырау түбіне сүйрейді.

материал «Аллаға иман» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: