22
Жұма,
Қараша

һижри

Пенденің кейбір сауапты істерді орындамағаны үшін сұралуы

Пенденің кейбір сауапты істерді орындамағаны үшін сұралуы

Иман келтіру

Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын) риуаят еткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.):

«Қиямет күні Алла Тағала: «Ей, Адам баласы! Ауырдым, сен менің көңілімді сұрауға келмедің», – дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Сенің көңіліңді қалай сұрап бармақпын?! Өзің әлемдердің Раббысы болсаң?», – дейді. (Сонда Алла Тағала): «Сен білмедің бе? Пәлен деген пендем ауырғанда көңілін сұрап бармадың. Сен білмедің бе? Егер оның көңілін сұрап келгеніңде, Мені оның алдынан табар едің», – дейді. (Сосын): «Ей, Адам баласы! Сенен тамақ сұрадым, Маған тамақ берген жоқсың», – дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Сені қалай тамақтандырамын?! Өзің әлемдердің Раббысы болсаң», – дейді. (Алла Тағала): «Сен білмедің бе? Сенен пәлен деген пендем тамақ сұрағанда, тамақтандырмадың. Сен білмедің бе? Егер оны тамақтандырғаныңда оныңды Менің алдымнан табар едің», – дейді. (Сосын): «Ей, Адам баласы! Сенен су сұрадым, су бермедің», – дейді. (Пенде): «Уа, Раббым! Саған қалай су беремін?! Өзің әлемдердің Раббысы болсаң», – дейді. (Сонда Алла Тағала): «Сенен пәлен деген пендем су сұрағанда бермедің. Егер оған су бергеніңде, оныңды Менің алдымнан табар едің», – деп айтады», – деген.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: