22
Жұма,
Қараша

һижри

Біреудің ісіне араласудың көріністері

Біреудің ісіне араласудың көріністері

Иман келтіру

1. Ғаламторда: Жыл өте әлеуметтік желілердің белсенділігі артып адамдарды шырмауына байлауда.

Осы орайда күнделікті ғаламтор беттерінде жеке тұлғалардың өміріндегі кейбір сәттері жалпыға қолжетімді болып, баршаның назарына ұсынылады. Осы оңтайлы сәтті пайдаланып кейбір ғаламтор «құзғындары» істің байыбына бармай жатып жарияланған мәліметтерге, фотосуреттерге, видеоларға негізсіз пікірлерін жаза бастайды. Өткен жылы бір танысым (әйел адам) автокөлік алып, сол темір тұлпарына сүйінші сұрамақшы ниетте фотосын әлеуметтік желілердің біріне жариялаған. Сол фотоға жазылған пікірлерді оқитын болсаңыз, жағаңызды ұстайсыз. Сонда жазғандары: «Біреудің көңілдесі шығар өзі еңбектеніп алды дейсің бе?» «Әкесі алып берген де», «Қазіргі мемлекеттік қызметкердің жалақысы төмен, пара алып, сатып алған көлігі болар». Сол жазған адамдардың тоқсан тоғыз пайызы сол адамды жеке танымаса да осылай пікір қалдырады.

2. Басқа жанұяның ісіне араласу: Әр жанұя кішігірім мемлекет, оның да өзіндік шекарасы бар. Бұл мемлекет тұрғындарының қалауынан тыс адамдардың бұл шекараны аттап ойран салғанын, мемлекеттік ішкі тәртібіне араласқанды ешкім қаламайды. Осы орайда кейбір жанұя мүшелері әйел болсын, еркек болсын, ынсапсыз адамға шағымданбағаны да абзал. Кей адамдар осы тұста ақыл айтамын деп, ерлі-зайыптылардың ажырасуына себеп болып жатады.

3. Мемлекеттің ісіне араласу: Әр адам өзінің хақысын мемлекеттен талап ете алады, заң жүзінде өзінің құқығын қорғауға толық хақысы бар, алайда негізсіз сөз айту – мұсылманға орынсыз әрекет. Қазіргі әлеуметтің бір жаман әдеті жинала қалса, мемлекетті талқылай бастайды. Талқылауда тұрған ештеңе жоқ-ау, бірақ өздері хабарсыз болған істері жайында сөз еткені әрине орынсыз. Бәлен жыл саясаттың жілігін шағып, майын ішкен адамдай әр нәрсені талқылап, ақыры, «мемлекет жеп жатыр», «мемлекет қарапайым халықты ойламайды», «мемлекет залым» деген пікірге келісе отырып тарқасады.

4. Қызмет барысында: «Әр адам өзінің саласы үшін жауап беру керек, кейде байқаймыз, бір адамдар басқа біреудің саласына араласқыш келеді. Өзінің ісін қатырмай жатып басқа біреудің ісіне араласу, біріншіден, кәсібиліктен алыс адам, екіншіден, сол мекеменің жұмысының тұралауына апаратын негізгі себеп.

материал «№1 дұшпан (жақсы сөйле немесе үндеме)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: