22
Жұма,
Қараша

һижри

Парыздардың бірі – күнә жасаудан бас тарту

Парыздардың бірі – күнә жасаудан бас тарту

Иман келтіру

Алла Тағала пенделеріне күнә жасаудан бас тартуды парыз етті және Өзі белгілеген межеден шыққандар мен Өзіне бойсұнудан бас тартқандардың дүние-ақыретте азабы қатты жазалауға ұшырайтыны жайлы хабарлады.

Сондықтан күнә жасаудан бас тарту Алла Тағаланың: «Пендем Маған жақын болу үшін не істесе де, Маған олардың ең сүйкімдісі – Мен оған парыз еткен амалдар...», – деген сөздеріне қатысты.

Күнә жасаудан бас тарту діни парыздарды орындаудан да міндеттірек, оған Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер сендерді бір істен қайтарсам, одан аулақ болыңдар да, ал егер бір іс-амалға бұйырсам, одан шамаларың келгенін орындаңдар», – деген сөздері дәлел. Ибн Ражаб бұл хадиске берген түсініктемесінде кез келген күнә Алла Тағалаға қарсы соғыс болып табылады деген пікірін білдірген, сөйтіп Хасан ибн Адамның: «Аллаға қарсы соғысуға шамаң келе ме сенің? Аллаға бойсұнбаған адам Оған қарсы соғыс жүргізуде болады және күнә қаншалықты жиренішті болған сайын бұл соғыс та соғұрлым өрши түседі. Алла Тағала өсімқорлықпен және тонаумен айналысушыларды Өзімен, Өзінің елшісімен (с.а.с.) соғысушылар деп осы себептен атаған. Өйткені олар Алланың құлдарына қатысты адам айтқысыз үлкен әділетсіздік жасайды және Оның жерінде бұзықтықтың таралуына ұмтылады», – деп айтқан ойын келтірген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: