22
Жұма,
Қараша

һижри

Көмек сұрау (истиғасә) мен дұға етудің айырмашылығы

Көмек сұрау (истиғасә) мен дұға етудің айырмашылығы

Иман келтіру

«Истиғасә» сөзі араб тілінде көмек, медет сұрау деген мағынаны білдіреді.

Дұға мен медет сұраудың айырмашылығына келсек, медет сұрау тек қана қиын-қыстау жағдайларда орын алады, ал дұғаның мағынасының ауқымы одан кең. Себебі дұға қиын-қыстау жағдайда және кеңшілік кезде де жасалады. Егер дұға мен медет сұрау деген сөздер қосарланып келсе, жалпы мағына мен жалқы мағынаның қатар келуі деп түсінген жөн.

Жалпы және жалқы мағыналардың түйісетін, түйіспейтін тұстары кездеседі. Осы тұрғыдан алғанда әрбір медет сұрау жалпы дұға мағынасына кіреді. Керісінше, дұғаның бәрі бірдей медет сұрауға жатпайды. Сұрау дұғасы ғибадат дұғасының ішінде қарастырылады. Ғибадат дұғасы осы қажет дұғасымен тікелей байланысты. Құран Кәрімдегі дұғалар кейде ғибадат дұғасы, кейде сұрау дұғасы түрінде, ал кейде осы екі мағынаны да қамтыған дұғалар түрінде келген.

материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: