Ибн Сағд ибн Әбу Уаққас: «Мен әкеммен бірге отырғанда:
«Уа, Алла! Өзіңнен жаннат пен оның рахат-қызықтарын, шаттығын, анаусын-мынаусын сұраймын және Өзіңе тозақтан, оның аптап ыстығынан, анаусынан-мынаусынан сыйынып, пана сұраймын» деп дұға қылдым. Сонда әкем (Алла оған разы болсын): «Ей, ұлым! Мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Дұға жасағанда шектен шығатын қауымдар болады», – дегенін естіп едім. Сен солардың қатарынан болып жүрме. Егер саған жәннат бұйырса, оның ішіндегілердің барлығы да беріледі. Ал егер тозақтан сақталынсаң, оның ішіндегі барлық жамандықтан да аман боласың», – деді», – деген.
Әбу Нуғамадан жеткен риуаятта Абдуллаһ ибн Муғаффал (Алла оған разы болсын) өз ұлының: «Уа, Алла! Өзіңнен жәннатқа кірген бетте оң жақта аппақ сарай болуын сұраймын» деп дұға жасап жатқанын естіп: «Ей, ұлым! Алладан жәннатты сұрап, тозағынан сақтан. Мен Алла елшісінің (с.а.с.): «Бұл үмбетте тазалық пен дұғада шектен асушылар болады», – дегенін естідім», – деп айтқан.
материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,
ummet.kz