22
Жұма,
Қараша

һижри

Кешірім өтініп жалбарынудың жемістері

Кешірім өтініп жалбарынудың жемістері

Иман келтіру

Алла Тағалаға жалбарынушы адам Кешіруші, Мейірбан, Бай, Жомарт, Білуші, Жұмсақ және Рақымды Аллаһтан пана іздеп жүргенін сезінеді.

Сол арқылы оның жүрегі орнығады, қуаныш сезінеді, абыржуы мен уайым-қайғысы кетеді, Алла Тағаланың мейірімділігі мен қамқорлығына шаттанады, жан-дүниесі болашаққа деген сенімге толады және үміт үзу, торығу сезімінен арылады. Әл-Музани: «Пайғамбар (с.а.с.): «Расында, менің (көңілім бөлініп) жүрегім алаңдайды және мен Алладан күніне жүз мәрте кешірім өтінемін», – деді», – деген.

Қатада: «Шын мәнінде, бұл Құран сендердің ауруларыңды және сендер үшін дәрі-дәрмекті көрсетеді. Сендердің ауруларың – күнәларың, ал сендер үшін дәрі-дәрмек, ол – кешірім өтінулерің», – деген. Айша (Алла оған разы болсын): «Кім өз кітабынан кешірім өтінгені туралы (жазуды) көп тапса, сол игілікке бөленді дей беріңіз», – деген.

Әбу Минһал: «Қабірінде жатқан пендеге ол үшін көп кешірім өтінуден жақсы көрші жоқ», – деген. Тағы бір ғалым: «Расында, күнәкардың жылау мен кешірім сұраудан басқа таянышы жоқ, сондықтан кім өз күнәлары туралы уайым жесе, жиі-жиі кешірім өтінсін», – депті. Кешірім өтінудің бір нәтижесі, ол адамның тілі басқа сөздерді айтудан тыйылады, нәтижесінде оның жан-дүниесі кішіпейілділікке, мейірімділікке, кешірімділікке бейімделеді.

Хузайфа (Алла оған разы болсын): «(Бір күні) мен: «Уа, Алланың елшісі! Расында, менің тілім кейде тым ащы болып кетеді, нәтижесінде, бұдан менің отбасым жапа шегеді» дедім. Пайғамбар (с.а.с.): «Ей, Хузайфа! Сен Алладан кешірімді аз өтінесің, ал мен, расында, күніне Алладан жүз мәрте кешірім өтінемін және Оған тәубе келтіремін», – деді», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: