22
Жұма,
Қараша

һижри

Намазда сәлем берместен бұрын мына дұғаны оқыңыз

Намазда сәлем берместен бұрын мына дұғаны оқыңыз

Иман келтіру

Намазда сәлем берместен бұрын мына дұғаны оқығанда:

«Аллаһуммә инни әс-әлукә би-әннә ләкәл-хамд. Лә иләһә иллә әнтәл-Мәннан, Бәдиъус-сәмәуати уәл-ард, йә зәл-Жәләли уәлИкрам, йә Хаййю, йә Қаййюм! (Уа, Алла! Барлық мадақтың Сенікі екендігі арқылы сұраймын! Сенен өзге құдай жоқ! Уа, сый Беруші! Уа, көктер мен жерді ғажайып Жаратушы! Уа, ұлылық пен шексіз жомарттықтың Иесі! Уа, Мәңгі Тірі! Мәңгі Тұрушы!)».

Намазының отырысында осы дұғаны оқып жатқан адамды көрген Пайғамбар (с.а.с.): «Мынау Аллаға дұға қылса қабыл етілетін, (қажетін) сұраса берілетін ең ұлы есімі арқылы дұға қылды», – деген.

материал «Дұға – құлшылық өзегі» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: