Алла Тағалаға адалдықтың көрінісі:
Мұндай адалдық аса Жоғары Мәртебелі Аллаға иман келтіруде, Оның серігі болуы мүмкіндігін теріске шығаруда, Оның сипаттарына сенімсіздік білдіруден бас тартуда, Оны барлық ұлылық пен кемелдік сипаттарымен бейнелеуде, Алла Тағаланың барлық кемшілік атаулыдан пәк екенін растауда, Оған шын ықыласпен құлшылық қылуда, Алла Тағалаға бойсұнуда, Оған бас имеуден аулақ болуда, Алла Тағала үшін ұнатып, Ол үшін жек көруде, сондай-ақ Алла Тағалаға бойсұнушы адамдарға достық пейіл танытуда және Оған бағынбаушыларға қарсылық білдіруде көрініс табады. Егер мұсылман осы айтылғандарды өз сөздері мен істерінде берік ұстанатын болса, онда бұл оған осы өмірде және ертеңгі мәңгілік өмірде пайда береді, өйткені Алла Тағала ешкімнің насихатына мұқтаж емес.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz