22
Жұма,
Қараша

һижри

Күмән мен сенімділік арасындағы қарама-қайшылық

Күмән мен сенімділік арасындағы қарама-қайшылық

Иман келтіру

Күмән сенімділікпен қатар келген жағдайда біз күмәндіден қашықтап, сенімдіні ұстануымыз қажет.

Бұл мағына шариғат үкімдерін жинаған фиқһ қағидаларының екінші ережесі қатарында келеді. Оның мәтіні «Күмән сенімділікті жоймайды». Бұл ережені түсіндіру үшін мынадай мысал келтіруге болады. Жақсылап дәрет алып болған соң бір адамда «алған дәретім бұзылды-ау» деген күмән пайда болады. Мұндай жағдайда ол дәрет алған болып есептеледі. Бұл айтылғанға Пайғамбардың (с.а.с.): «Егер сендерден кімде-кім (өзінің) ішінде бір нәрсе (яғни жел) бар екенін сезсе, бірақ өзінен бір нәрсе шыққанын не шықпағанын анықтау қиын болса, дыбысын естігенше немесе иісін сезгенше мешітті тастап (шығып) кетуші болмасын», – деген хадисі негіз бола алады.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: