22
Жұма,
Қараша

һижри

«Муртад» – діннен қайтқан адам

«Муртад» – діннен қайтқан адам

Иман келтіру

Төмендегі амалдар адамды Ислам дінінен шығарады:

Егер мұсылман осы амалдардың бірін ешқандай зорлықсыз, қалжыңдап болса да істейтін болса, кәпір болады:

• Алла Тағалаға серік қосу;

• «Оның әйелі немесе баласы бар» деп сену;

• Алла Тағаланы балағаттау;

• Алла Тағаланың Құранда атаған Адам, Ыдырыс, Илияс, Ибраһим, Мұса, Иса, Мұхаммед (олардың бәріне Алланың сәлемі болсын) және т.б. пайғамбарларының біреуіне сенбеу немесе пайғамбарлығын мойындамау;

• Алла Тағаланы яки пайғамбарларын немесе Кітаптарын сөзбен, іспен не кітап жазу арқылы келемеждеу;

• Өзін «пайғамбармын» деп жариялау, өзін «пайғамбармын» деп жариялаған адамға сену;

• Періштелердің, жындардың, Ақыретте жәннат, тозақ, есеп, таразы, сират-көпірі тәрізді нәрселердің бар екеніне сенбеу;

• Кәпірлердің, дінсіздердің сенімдерін дұрыс деп, оларды кәпір деп білмеу;

• Исламды көнерген немесе Ислам шариғатын бұл заманға жарамсыз деу;

• Сахабаларды кемсіту, оларға тіл тигізу;

Ислам дінінен бас тартқан адам жаннатқа кіре алмайды. Сондықтан мұсылман адам кәпірлікке алып баратын әрбір сөз, іс, сенімнен сақ болуы керек. Кімде-кім сондайлардың біріне байқамастан ұрынған жағдайда дереу тәубеге келуі керек. Оның тәубесі тек кешірім сұраумен ғана шектелмейді. Ол куәлік сөздерін қайта айтуға тиісті және «Алладан өзге құлшылыққа лайықты құдайдың жоқтығына куәлік беремін. Мұхаммед Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін. Айтқан немесе істеген ісімнен Алла Тағалаға қайтамын», – деп, сосын Алладан жарылқауын сұрауы керек. Өйткені иманнан қымбат ештеңе жоқ.

материал «Жұбайлар шаттығы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: