22
Жұма,
Қараша

һижри

Туралықтың пайдасы неде?

Туралықтың пайдасы неде?

Иман келтіру

Туралық дегеніміз – бойсұну мен нәпсі-шақуат қалауы арасындағы шайқаста жеткен жеңіс, табандылық, ерлік және табыс.

Сол себепті туралықты ұстанушыларға, бұл дүниеде олардан уайым-қайғы, қорқынышты кетіру, оларды жаннатпен қуандыру және оларға өздерінің дүние-ақыретте осылар жағында екенін хабарлау үшін періштелер түсуге лайықты болады. Өйткені Алла Тағала: «Расында, «Раббымыз – Алла» деп, сосын туралықта тұрғандар, оларға періштелер түседі де: «Қорықпаңдар, қайғырмаңдар! Сендерге уәде етілген жаннат арқылы қуанышқа бөленіңдер. Біз дүние тіршілігінде де, Ақыретте де достарыңбыз. Сендерге ол жаннатта көңілдерің көксегеннің (бәрі) бар. Сондай-ақ сендерге не тілесеңдер бар», – дейді. Бұл – өте Кешірімшіл, аса Рақымды (Алла) тарапынан бір сый», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: