Хазірет пайғамбардан кейінгі жұмаққа кіретін таңдаулы адамдардың жүзі толған айдай жарқырайды, олардан кейінгілер жұлдыздай жарқырайды. Жұмақтың есігінен мынадай адамдардың кіретіндігі туралы айтылады:
1. Үстінде «Лә иләһә иллаллаһ Мұхаммадән расулуллаһ» деп жазылған есік пайғамбарлардың, шейіттердің және жомарттардың есігі болып табылады.
2. Жақсылап дәрет алып, намаз оқығандардың есігі.
3. Зекет бергендердің есігі.
4. Жақсылықты бұйырып, жамандықтан тыйғандардың есігі.
5. Нәпсісін құмарлықтан тыйған, ораза тұтқан адамдардың есігі.
6. Қажылық пен умра жасағандардың есігі.
7. Мужаһидтердің есігі.
8. Тақуалардың, көздерін харамнан сақтағандардың есігі.
Мұсылман адам Алла жолына әр малынан бір жұбын Алла жолына арнаса, жұмақтың есіндегілер оны міндетті түрде күтіп алып, оны әрқайсысы өзі күзеткен есігінен кіруге шақырады.
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz