22
Жұма,
Қараша

һижри

Күнәға келісу – үлкен күнә

Күнәға келісу – үлкен күнә

Иман келтіру

Қандай да бір іс-әрекеттің күнә екенін біле тұрып, оны теріске шығармаған адам үлкен күнә жасаған болады.

Ол өз көзімен көргенкөрмегеніне қарамастан тыйым салынған амалдардың ең жиреніштісін жасаған болады. Оның күнәсі көзімен көрген және өзінің теріске шығаруын іске асырмаған адамның күнәсімен тең саналады.

Әл-Урс ибн Умайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Жер бетінде күнә амалға асқанда кім оны көріп, оған қатысты жиреніш сезінсе (ал бірде ол (с.а.с.): «...оған жиреніш білдірсе...», – деген), ол бұл жерде болмағанмен бірдей, ал кім бұл жерде болмаса, бірақ онымен келіссе, ол сол жерде болғанмен бірдей», – деді», – деген.

Себебі күнәмен келісу оны жүрекпен теріске шығарудан бас тарту болып табылады. Мұндай теріске шығарудың барлық адам үшін міндетті екені белгілі, ал кім бұл міндетін орындамаса үлкен күнәға ұрынады. Пайғамбар (с.а.с.): «...кім оны көргенде жиреніш сезінсе, ол бұл жерде болмағанмен бірдей», – деген.

Демек, оның мойнында күнә жоқ. Мұның өзі ол адам күнәні қолымен не тілімен теріске шығаруға ешқандай шамасы болмаған жағдайда ғана іске асуы мүмкін.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: