Алланың рақым көзбен қарауын Әхли сүннет ғалымдары астарлы мағынада түсінген.
Пайғамбарысыздың (с.ғ.с) кейбір пенделерге Алланың рақым көзбен қарамайтынын айтуын Алланың жұмаққа кіргізбейтіні мағынасында түсінуге болатынын, ал мұның кісі ақысынан туындайтынын білдірген. Мысалы, шөлде артық суы бола тұра жолаушыға бермеген, дүниелік пайда үшін елдің басшысына дауыс берген, затын жалған ант айтып сатқан адам, киімін жерге сүйреткен жан, затын жалған анттармен жарнамалаған, жасаған жақсылығын міндетсінген, зинақорлық жасаған кәрі, өтірк айтқан ел басшысы, тәкәппар, кедей, ата-анасына бағынбаған, ішімдікке салынған , азат адамды сатып ақшасын жеген, жұмысшының еңбекақысын бермеген адамдармен қиямет күні Алла Тағаланың сөйлеспейтіні, рақымдылықпен қарамайтыны айтылады.
Алла рақыммен қарамайтын адамның жағдайы қиын. Алланың бұйрықтары мен тыйымдарын, пайғамбарымыздың сүннетін дүниеде орындамаған адамға ақыретте әрине ешкім қарамайды. Алланың рұқсатымен шапағатшы болатын пайғамбарымыз да (Алла сақтасын) шапағат етпейді.
материал «Ақырет жайлы 100 сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz