22
Жұма,
Қараша

һижри

Қандай жағдайларда ұялу айыпты саналады?

Қандай жағдайларда ұялу айыпты саналады?

Иман келтіру

Ұялу сипаты мұсылман үшін өте маңызды сипат болғанымен, дінімізде ұялу дұрыс деп табылмайтын жағдайлар да бар. Олар мыналар:

1. Дінімізде міндет болып табылатын істерді атқарудан ұялу. Дәрет алу, намаз оқу, ораза ұстау т.б дін міндет еткен ғибадаттарды атқаруға ұялшақтық таныту дұрыс емес.

2. Ұялшақтық тыйым етілген істерге жетелемеуі қажет. Қандай да бір адам «арақ ішетін адамдардан ұят болады деп, мен де іштім» деуі, немесе «құдам ішетін болған соң, ұялғаннан дастарханға арақ қойдым» деп айтуы – ұялудың құпталмайтын түріне жатқызылады.

3. Ақиқатты айтудан ұялу. Адамның хақына қол сұғылып, зұлымдық жасалып жатқанда, мәселенің ақ-қарасын айтуда ұялшақтық таныту дұрыс емес.

4. Білім алуда. Дінімізде білім алушы өзінің жасының үлкендігіне ұялуы, немесе білмейтін затты сұраудан қатты қысылуы сияқты т.б білім мәселесінде ұялу қош көрілмейді. Атақты табиғин Мужаһид осыған қатысты: «Ұялшақ және тәкаппар адам білім үйрене алмайды», - деп айтқан.

материал «Көркем мінез» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: