23
Сенбі,
Қараша

һижри

Пенденің өзіне қайыры бар нәрсе туралы дұға жасауы

Пенденің өзіне қайыры бар нәрсе туралы дұға жасауы

Иман келтіру

Алла Тағаланың Өз құлына деген мейірімділігінің көрінісі, ол – пенде қандай да бір бұл дүниелік мұқтажын қанағаттандыру туралы Алла Тағалаға дұға жасағанда, Алла не оның дұғасына жауап береді (яғни тілегін орындайды), не оның сұрағанын одан гөрі жақсырақ бірдеңемен алмастырады.

Басқаша айтқанда, оның дұға-тілегіне сай одан қандай да бір ауыртпалықты аулақ әкетеді (яғни келе жатқан бір қиындықты қайтарады) яки мәңгілік өмірге осы адам үшін сақтап қояды немесе бұл үшін оның қандай да бір күнәсін кешіреді.

Жәбир (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға (қандай да бір) дұғамен кім жалбарынса да, егер ол күнәлі іс немесе туыстық
қатынасты үзу туралы сұрамаса болғаны, Алла міндетті түрде не оның тілегенін береді, не (көлемі жағынан) оның өтінішіне сай зұлымдықтан қорғайды», – деді», – деген.

Әбу Сағид (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Аллаға мұсылмандардан біреу күнәлі немесе туыстық байланысты үзуге қатысы болмаған дұғамен жалбарынса, Алла міндетті түрде үш (нәрсенің) біреуін сый етеді: не оның тілегіне осы дүниеде жауап қайтарады, не оны Ақыретке қалдырады немесе оны (көлемі жағынан сұраған нәрсесіне тең) зұлымдықтан құтқарады», – деді. (Адамдар): «Онда біз (дұға жасауды) көбейтеміз», – деді. Ол (с.а.с.): «Алла көбейтуде (сендерден) жақсырақ», – деп жауап берді», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: