Көршіге жақсылық жасаудың түрлері көп:
а) Көршінің мұқтажын өтеу. Пайғамбар (с.а.с.): «Қасындағы көршісінің аш екенін біле тұрып, тойып ұйқыға жататын (адам), маған иман келтірмеген», – деген. Омар (Алла оған разы болсын): «Иманды адам (аш отырған) көршісін (ұмытып) тоя ас жемейді», – деген. Сондай-ақ Әбу Зарр (Алла оған разы болсын): «Менің ең сүйікті досым (с.а.с.): «Егер сорпа қайнатсаң, суын көбірек қос, содан кейін көршіңнің отбасы (мүшелерінің жағдайына) қарағайсың және оларға тиісінше үлестіріп бер», – деп өсиет етті», – деген.
ә) Оған жәрдемдесу өзіңе зияны тимейтін қандай да бір құқығыңнан бас тартуға әкелсе де, оған пайда келтіруге әрекет жасау. Әбу Һурайра (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Ешкім дуалдарыңа ағаш қазық қаққысы (келген) көршісіне кедергі жасамасын», – деді», – деген. Яғни қазық ретінде пайдалану не құрылыс салу мақсатында шарбақ ретінде жүргізілген дуалына көршісі ағаш қазық бекіту үшін рұқсат сұраса, оның өтінішін кері қайтармасын деген мағынада.
б) Көршісіне сыйлық беру. Айша (Алла оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.): «Көрші әйелдердің ешқайсысы еш уақытта өзінің көрші әйеліне қойдың бақайы болса да (сыйлық беру мүмкіндігін) пайдаланбай қалмасын», – деді», – деген.
материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,
ummet.kz