ِКүнә немесе қастандық жасау ниетімен) естілер-естілмес етіп күңкілдесу – шайтанның азғыруынан».(«Мүжәдилә» сүресі, 10-аят).
Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үш адам бас қосқанда олардың екеуі үшінші адамның көзінше бір-бірімен сыбырласпасын», – деп айтты», – деген (Бұхари, истизан 45; Муслим, сәләм 36).
Ибн Масғуд (р.а.) жеткізген хадисте: «Алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Үш адам оңаша қалғанда, басқа адамдардың қатарына қосылмайынша, олардың екеуі өзара сыбырласпасын, өйткені бұл әрекет үшінші адамның көңілін қалдырады», – деп айтты» – делінген (Бұхари, истизан 47; Муслим, сәләм 37).
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz