23
Сенбі,
Қараша

һижри

Жанды Алла Тағаладан басқа ешкімге сатпау

Жанды Алла Тағаладан басқа ешкімге сатпау

Иман келтіру

Расында, мұсылман-мүміннің қадір-қасиеті өте жоғары, ал бағасы өте құнды, сондықтан ол өз жанын аса Құдіретті де Ұлы Алладан басқаға сатудан бас тартады.

Өйткені ол Оның жаратқан мақлұқтарының арасынан өз жанына лайық баға беретін ешкімді таппасы анық. Шынында, қалайша бұлай болуы мүмкін, өйткені мұсылман-мүмін мен Жаратушының арасындағы келісім әл-Мисақта жасалған болатын. Алла Тағала: «Күдіксіз Алла мүміндердің жандары мен малдарын жәннатпен айырбастап алды», – деді. Міне, сол үшін де олар Алла Тағаланы разы етуге ұмтылады және Оның ашу-ызасын келтіретін әрекеттердің бәрінен аулақ жүреді, олар сыйларын түгел алғанша осылай етуін жалғастыра береді. Ондай адамдарды мына дүниенің байлығы қызықтыра алмайды, ешбір байлық алдай алмайды, қоқан-лоқы бөгей алмайды және өлім қорқынышы да оны тоқтата алмайды. Алла Тағала: «Адамдардың арасында Алланың ризалығын іздеп жанын сататындар бар. Алла құлдарына Мейірбан»; «Мүміндерден Аллаға берген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: олардан кейбіреуі жанын құрбан қылса, енді біреулері (жеңіс немесе шәһид болуды) күтуде. Олар (серттерін) әсте ауыстырмады», – деген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдағанқырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

 

Бөлісу: